Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында коронавирус кәмелетке толмағандар арасында да өрши бастады

Жарияланған күні:

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Атырау облысында коронавирус жұқтыру қарқыны біршама азайғанымен, кейінгі уақытта қауіпті кеселдің кәмелетке толмағандар арасында таралу жағдайы артуда деп хабарлайды КТК арнасы.

Бүгінде 12 өңір "қызыл" аймақта. Төрт облыс "сарыға" ауысса, Түкістан өңірі ғана "жасылда" тұрақтап тұр.

Атырау облысында вирус жұқтырған балалар саны күн санап артуда. Жыл басынан бері 2300 кәмелетке жетпеген бала індетке шалдыққан. Қазірдің өзінде 18-ге толмаған 400 адам амбулаториялық бақылауда. Ал жаңа оқу жылы басталғалы бес күннің ішінде 89 оқушы індеттің ілмегіне түскен. Бұлай жалғаса берсе, бірнеше сынып карантинге жабылуы ықтимал дейді телеарна.

"Балалар арасындағы коронавирустың көбейуі ата-аналардың вакцина алмауынан болып отыр. Егер ата-аналар вакцина алса, вирус жұқтыру саны азаяр еді. Сондықтан баланың саулығы үшін барлық ата-аналарды вакцина алуға шақырамын", - дейді Атырау облысы ауруханасының баспасөз хатшысы Айша Кенжемұратова.

Айта кетсек, соңғы тәулікте ел аумағында коронавирус 3894 адамнан анықталды. Кеше осы кесел 72 адамның өмірін алып кетті. Пневмониядан 19 науқас ажал құшқан. Қазір коронавирус инфекциясынан 93 мың адам ем алып жатыр. 425 адамның жағдайы өте ауыр деп бағалануда.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске салсақ, бұған дейін белгілі отандық композитор Яков Хан 80 жасына қараған шағында коронавирустан қайтыс болғаны туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930717-atyrau-oblysynda-koronavirus-kameletke-tolmagandar-arasynda-da-orsi-bastady/