Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр және үсік": Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Үсік
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Мамандардың болжамынша, алдағы үш күнде солтүстікте, солтүстік-шығыста және шығыста жаңбыр күтіледі. Тек оңтүстік пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

10 қыркүйектен бастап солтүстік циклонның Қазақстан аумағына ығысуына орай, еліміздің басым бөлігінде, таулы аудандарда және оңтүстік, оңтүстік-шығыс өңірлердің солтүстігінде найзағай мен бұршақ жаууы ықтимал.

Ал батыста, солтүстік-батыста ауа температурасының біртіндеп көтерілуі күтіледі. Дәлірек айтқанда, түнде 3-11 градустан 5-15 градусқа дейін, күндіз 15-23 градустан 20-28 градусқа дейін жоғарылайды.

Солтүстік пен орталыққа келсек, мұнда түнде ауа температурасы 2-13 градус аралығында болады.

9 қыркүйекте топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін. Шығыста ауа темпераутрасы түнде 2-ден 16 градусқа дейін, күндіз 15-тен 25 градусқа дейін, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста түнде 10-18 градустан 4-14 градусқа дейін, күндіз 19-30-дан 15-25 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Мамандардың болжамынша, көпжылдық деректерге сәйкес, қыркүйектің бірінші жартысында ел аумағының басым бөлігінде, айдың соңында оңтүстік облыстарда үсік жүруі мүмкін.

Ал консультативтік болжамға сәйкес, айдың басында елдің солтүстік және орталық аймақтарында 2 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931051-zanbyr-zane-usik-aldagy-us-kunde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel