Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тәліптер Кабулдағы Норвегия елшілігін басып алды

Опубликовано:

Ту
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Талибан" радикал қозғалысының (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) жауынгерлері Кабулдағы Норвегия елшілігін басып алды.

Бұл туралы Ирандағы Норвегия елшісі Сигвальд Хауге өзінің Twitter парақшасында хабарлады. Дипломаттың сөзіне сенсек, олар елшілік ғимаратындағы бөтелкелерді сындырып, балалар кітабын жоюға кіріскен.

"Тәліптер Кабулдағы Норвегия елшілігіне баса-көктеп кірді. Елшілікті көп ұзамай қайтарып беретіндерін айтты. Бірақ, алдымен ондағы шарап бөтелкелері мен балалар кітабының көзін жоюда. Олар кітаптан гөрі қару-жарақты әлдеқайда қауіпсіз санайтын сияқты", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 15 тамызда тәліптер Ауғанстан астанасы Кабулды ұрссыз бағындырған еді. Ел президенті Ашраф Гани өз өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын айтты.

Кейін "Панджшер арыстаны" атанып кеткен Ауғанстанның бұрынғы қорғаныс министрі әрі дала командирінің ұлы Ахмад Масуд ерікті азаматтарды тәліптерге қарсы күрсеуге шақырған болатын.

Сонымен бірге, Ахмад бірқатар Еуропа елдерінен көмек күтетінін жеткізді. Себебі Панджшер тәліптердің қоластына өтпеген жалғыз провинция еді.

Көп ұзамай тәліптердің өкілі Забихулла Муджахид Панджшерді толығымен басып алғандарын және провинция "Талибанның" бақылауына өткенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931146-talipter-kabuldagy-norvegiya-elsiligin-basyp-aldy/

pixel