Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда ​көпірдегі жөндеу жұмыстарын шәйнек көмегімен жасағандар қызу талқыға түсті

Опубликовано:

1
Видеодан кадр: "Ақ Жайық" басылымы

Әлеуметтік желіде қызықты видео пайда болды. Желді тараған видеодан көпірде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жұмысшылардың жолдың жарылған жерлеріне шәйнекпен бір сұйықтық құйып жатқанын байқауға болады деп жазады "Ақ Жайық".

Басылымның жазуынша, видео Атырауда түсірілген.

13 тамыздан бастап Балықшыдағы көпір жөндеуге жабылған. Бірақ желідегі бейнежазбадан кейін көпшілік жасалып жатқан жұмыстың сапасына қатысты күмән келтіре бастаған.

"Жөндеуді осылай жасайды. Супер! ", – деп мысқылдайды желіде тараған видео авторы.

Ал әлеуметтік желіде "бұл шәйнек қанша миллион тұрады және оның бағасы жөндеу жұмыстарының құнына қосылған ба" деп әзілдегендер де табылды.

Желіде тараған видеоға қатысты"АтырауИнжСтрой" компаниясының баспасөз қызметі пікір білдірді. Компанияның мәліметінше, тексеріс барысында көпір өткеліндегі төрт деформациялық жіктің үшеуі түгелімен бүлінгені және жарамсыз екені анықталған. Сондықтан тез арада оларды ауыстыру жөнінде шешім қабылданған.

"Видео авторы - маман емес, ол күрделі және орташа жөндеу жұмысының айырмашылығын түсінбейді. Қаланың үш жылдық даму жоспарына Жұмыскер-Балықшы көпірінің жөндеу жұмыстары енгізілгендіктен, жұмыстарға тапсырыс беруші (қалалық ТКШ бөлімі) техникалық тапсырма аясын қысқартып, дәл қазіргі сәтте қажет болып тұрған міндеттерді орындауға басымдық беріп отыр. Нақтырақ айтсақ, көпірдің деформациялық жіктерін ауыстыру және шұңқырларды жөндеу жоспарда бірінші кезекке қойылуда", - дейді мердігерлік ұйым.

Компанияның дерегінше, бүгінде үш жіктің екеуі ауыстырылып, бетондалған. Барлық процесс нормативке сәйкес жүргізіліп жатыр.

"Көпірдегі жарықтарды қалыпқа келтіру бойынша нақты жұмыс көлемі көп емес, арнайы жабдықты қажет етпейді. Әдетте аса үлкен емес жарықтарды қолмен тығыздау кезінде аузы тар кез келген металл ыдысты қолдануға болады. Мәселен конустар, шәйнектер" , - дейді "АтырауИнжСтрой".

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931217-atyrauda-kopirdegi-zondeu-zumystaryn-sainek-komegimen-zasagandar-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel