jitsu gif

Семейлік ұстаз әлемдегі ең үздік 50 мұғалімнің қатарына енді

Асхат
Фото: askhat_zhumabekov

Шығыс Қазақстан облысының мұғалімі Асхат Жұмабеков әлемдегі ең үздік мұғалімдердің бірі деп танылды. Ол "Global Teacher Prize" беделді халықаралық сыйлығының финалисі атанды.

Бұл туралы Қоғамдық маңызды бастамаларды дамыту қоры Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Асхат Жұмабеков Семейдегі мектептердің бірінде физика пәнінен сабақ береді. Биыл қазақстандық Варке қоры бекіткен Global Teacher Prize халықаралық сыйлығының финалистері қатарына енді.

Global Teacher Prize - жыл сайын өз мамандығына айрықша үлес қосқан үздік мұғалімге берілетін 1 миллион АҚШ доллары көлеміндегі сыйлық.

Global Teacher Prize педагогтардың маңыздылығын және олардың күш -жігері әлем бойынша құрметке лайық екендігін көрсетуге бағытталған. Сыйлық мұғалімдердің оқушыларға ғана емес, жалпы қоғамға ықпалын анықтауға тырысады.

Айта кетейік, 2019 жылы Жұмабеков "Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры" ұйымдастырған National Teacher Prize Kazakhstan 2019 байқауының финалисі атанған болатын

"Асхат жүлде тарихында Global Teacher Prize сыйлығының финалистері тізіміне енген алғашқы қазақстандық атанып отыр. Оған жеңіс пен өркендеу тілейміз!", - делінген қордың хабарламасында.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.