Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көшеде "телефоннан бас алмайтындарға" арналған бағдаршам орнатылды (фото)

Жарияланған күні:

Астана
Фото: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтанда жол қозғалысын реттейтін инновациялық құралдарды тестілеу басталды. Бұл туралы қала әкімдігі елорданың көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына сілтеме жасап хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, SWARCO өндірушісінің жаңа бағдаршамы әдеттегі дыбыстық функцияны толықтыратын болады.

Енді бағдаршамның қызыл жарығы тротуарға да түседі, тиісінше жаяу жүргіншілердің смартфонының дисплейіне де шағылысатын болады.

Бұл телефонға жиі қарайтын жастар үшін пайдалы болмақ. Осылайша бағдаршамның жаңа моделі жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне айтарлықтай үлес қосады деп күтілуде.

Ведомствоның хабарлауынша, бағдаршамның жаңа моделінде мынадай артықшылықтар бар:

  • ымырт үйірілгенде және түнгі уақытта тротуарға қызыл жарық түсуіне байланысты бағдаршамның қызыл белгісі жақсырақ көрінеді;
  • смартфонның дисплейіне бағдаршамның қызыл сигналының шағылысуына байланысты жаяу жүргіншілер өздерін бұрынғыдан қауіпсіз сезіне алады;
  • тротуардың шетінде қызыл түспен белгіленген орындардың арқасында жаяу жүргіншілерді көлік жүргізушілері лезде байқайды.
Астана
Фото: astana.gov.kz

Бағдаршамының жаңа моделін тестілеу 9 объектіде жүргізілуде. Олар:

  • Жеңіс даңғылы, 45;
  • Абай даңғылы – Мұражай;
  • Пушкин көшесі – ЕҰУ;
  • Мұңайтпасов көш, 16;
  • Қорғалжын тас жолы – Думан;
  • Мәскеу көшесі – 14 мектеп;
  • Тұран даңғылы – Орталық саябақ;
  • Тәшенов көшесі – Алатау СК;
  • Жирентаев көшесі – 22 мектеп.
Астана
Фото: astana.gov.kz

Бұдан бөлек, қалада дыбыстық жол көрсету жүйесі бар бағдаршамдар да орнатылуда. Бұл әсіресе, көзі нашар көретіндер жаяу жүргіншілер үшін тиімді. Осылайша, жаяу жүргіншілер өткелі айтарлықтай қауіпсіз болмақ.

Мұндай бағдаршамдар әзірге қаланың 7 объектісінде орнатылған:

  • Қабанбай батыр даңғылы – №17 мектеп;
  • Сейфуллин мен Уәлиханов көшелерінің қиылысы;
  • Қабанбай батыр даңғылы – AIU;
  • Республика даңғылы – Жастар сарайы;
  • Бөгенбай батыр даңғылы – Уәлиханов көшесі;
  • Қабанбай батыр даңғылы – Салтанат сарайы;
  • Алаш тасжолы – Жолымбет көшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931488-elordada-kosede-telefonnan-bas-almaityndarga-arnalgan-bagdarsam-ornatyldy-foto/