jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері 100 жасқа толды

Қайырлы Жоңқабаев
Фото: "Хабар 24" арнасы

Бүгін Алматыда тұратын әйгілі Панфилов дивизиясының көзі тірі соңғы жауынгері, Ұлы Отан соғысының ардагері Қайырлы Жонқабаев 100 жасқа толды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Майдангерді Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының әскери қызметкерлері арнайы барып, құттықтап құрмет көрсетті. Үрмелі аспаптар оркестрі болса, соғыс жылдарындағы әндерді орындап берді.

Қайырлы Уатайұлы 1921 жылы 10 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

1941 жылы Панфилов дивизиясының 23-гвардиялық полкіне алынып, пулеметші болған. Беларусь, Польшаны, Эстонияны азат етуге қатысқан.

Қарт жауынгер Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинмен бір ротада болғанын да құрметпен еске алады. Ол майдан даласында көрсеткен ерліктері үшін "Қызыл Жұлдыз", ІІ дәрежелі "Отан соғысы" орденімен және көптеген медальдармен марапатталған.

Ғасыр жасаған абыз қария өзін құттықтап келгендерге ақ батасын берді.

"Елімізде тыныштық болсын. Келешектерің зор болсын. Дендерің сау болсын. Аман-есен болыңдар", – деді ардагер Қайырлы Жоңқабаев.

Оған қоса, әскери қызметкерлер де мереке күндері құттықтап келіпт тұруға уәде берді.

"Қайырлы атамызды жылда осылай жылда қошеметтеп туған күнінде және де осы басқа да мерекелік күндері келіп құттықтап тұрамыз. Өйткені бұл кісінің соғыс жылдарындағы көрсеткен ерлігі, жанқиярлық ерліктері және осы соғыс аяқталғаннан кейін еліміз үшін атқарған қызметтері кейінгі ұрпаққа үлгі болып келеді", – деді Ұлттық ұлан "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары Ниязтай Әлкешов.

Панфилов дивизиясының соңғы жауынгері 100 жасқа толды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.