Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Вакцинадан бас тартқаны үшін зейнетақы төленбеуі мүмкін бе

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Әлеуметтік желіде оқырмандар Павлодар облысында коронавирусқа қарсы вакцинациядан бас тартқан зейнеткерлерді төлемдерден айырамыз деп қорқытатынын жазуда. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Stopfake.kz.

Ведомство мәліметінше, зейнеткерлер үшін COVID-19-ға қарсы екпе ерікті болып табылады және одан бас тартқаны үшін зейнетақы төлемдерінен айырылу қаупі төніп тұрған жоқ.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Вакцинация ерікті түрде жүргізіледі", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Сонымен қатар, ведомство өкілдері аймақта үгіт-насихат жұмыстары барысында вакциналардың пайдасы туралы бейнероликтер көрсетілетінін, тұрғындарға коронавирус инфекциясы туралы толық ақпарат ұсынылған парақшалар таратылатынын жеткізді.

Емханаларда дәрігерлер иммундауға арналған препараттардың құрамы, тиімділігі және қауіпсіздігі туралы азаматтардың сауалдарына қажетті түсініктемелер берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931561-vakcinadan-bas-tartqany-usin-zeinetaqy-tolenbeui-mumkin-be/

pixel