Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жертөледе жасырған

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Австрияның Тироль өңірінің тұрғыны бір жылдан астам уақыт бойы анасының мәйітін жертөледе сақтап, оның зейнетақысын алып келген деп хабарлайды Lenta.ru.

Полицияның мәліметінше, ақыл-есі кем 89 жастағы әйел 2020 жылдың маусымында көз жұмған.

Оның 66 жастағы ұлы марқұмның денесін үйінің жертөлесіне жасырып, иіс шықпас үшін мұз салынған пакеттер мен дәке қолданған.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, осы уақыт ішінде ер адам зейнетақы ретінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған.

Оның алаяқтық әрекеті жаңа пошташы жұмысқа шыққан уақытта әшкере болған. Пошташы зейнетақыны қарт кісінің жеке өзіне бергісі келетінін айтқан. Алайда ұлы болса, анасымен кездестіруден бас тартады.

Осыдан кейін ол полицияға жағдайды баяндаған.

Тәртіп сақшылары ер адамның үйін тексеріп, жертөледен зейнеткердің денесін тапқан.

Күдікті кінәсін толық мойындаған. Тұтқындау кезінде ол анасының зейнетақысынан басқа табысы болмағанын жеткізген.

Сонымен қатар, анасын жерлейтін қаржысының да болмағанын тілге тиек етіп, ақталған.

Ал күдікті өз бауырына анасы ауруханада жатқанын, халі нашарлап кеткенін және ешкімді танымайтынын айтқан көрінеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысында ағасының денесін үйінде сақтап келген мұғалімнің ақталып шығып, мектептегі жұмысына оралғанын жазған едік.

Кейінірек оның жұмыстан шығарылғаны белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931720-er-adam-zeinetaqy-alyp-otyru-usin-anasynyn-denesin-bir-zyl-boiy-zertolede-zasyrgan/

pixel