Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы әкімдігі "Алтын Орда" базарының локдаун кезінде неліктен жұмыс істегенін түсіндірді

Опубликовано:

"Алтын орда" базарындағы кептеліс
"Алтын орда" базары. Видеодан кадр: instagram.com/meganews.kz

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов локдаун кезінде Алматы маңында орналасқан "Алтын Орда" базары неліктен іс жүзінде еш шектеусіз жұмыс істегенін, соның салдарынан базарда алматылықтардың топтап жиналғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкім орынбасарының айтуынша, "Алтын Орда" базарының республикалық маңызы бар, онда басқа өңірлерден, тіпті шетелдерден – Қырғызстан мен Өзбекстаннан өнім әкелінеді.

"Азық-түлікке баға белгілеу маңызды рөл атқарады, себебі бұл базардан көтерме саудагерлер сауда жасап, сатып алады. Егер біз оны жабатын болсақ немесе бірнеше күнге шектеу қойсақ, онда дүрбелең туып, бұл азық-түлік бағасының өсуіне әкеледі", – деді Батыржан Байжұманов.

Әкім орынбасарының айтуынша, базарда санитарлық-эпидемиологиялық шаралар сақталған. Оны мониторингтік топ өкілдері тексеріп отырады.

Сонымен қатар, қызметкерлерге ыңғайлы болу үшін үш вакцинациялау пункті бар.

Еске сала кетейік, бұған дейін тамыз айының аяғында демалыс күндері қалада тек "Алтын Орда" базары мен "Апорт" сауда орталығы жұмыс істеп тұрған еді. Ал белгілі журналист Серікжан Мәулетбай салдарынан "Алтын орда" базарында қандай кептеліс болып жатқанын көрсеткен болатын.

Сонымен қатар, журналист министр Асхат Аймағамбетовтен мектеп оқушыларына расымен де еркін стильде киюге рұқсат беруді сұрады. Оның сөзінше, Алматы қаласында демалыс күндері барлық сауда орындары жабық, барып киім сатып алатын жер жоқ, ал жұмыс күндері ата-аналардың уақыты жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931765-almaty-oblysy-akimdigi-altyn-orda-bazarynyn-lokdaun-kezinde-nelikten-zumys-istegenin-tusindirdi/

pixel