jitsu gif

Ауғанстанда толығымен басқаруды қолға алған тәліптер оқу жүйесіне өзгерістер енгізді

Талибы в Панджшере
Фото: Bilal Guler/Anadolu Agency via Getty Images

Ауғанстанда билік басына келген Талибан (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) қозғалысы әйелдерге жоғары оқу орнында білім алу тәртібін жария етті деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Жаңа ережеге сәйкес, қыздар енді ер азаматтардан бөлек оқиды және хиджаб киіп жүруі міндетті.

Бұл ақпаратты тәліптер үкіметінің білім министрі Абдул Баки Хаккани растады.

Оның сөзінше, қыздар оқитын пәндер де қайта қарастырылмақ.

Айта кету керек, тәліптер 1996-2001-ші жылдары билік басына келген кезде әйелдердің білім алуына түбегейлі тыйым салған еді.

"Біз қазіргі уақытта мемлекет заманның барлық талаптарына сай болуға күш саламыз. Осы мақсатта ауған азаматтарының барлық қажеттілігін ақтауға тырысамыз. Біз бұл жоғары оқу орындарын пайдалы әрі елімізді қалпына келтіруге жұмыс істегенін қалаймыз", - деді Ауғанстан білім министрі Абдул Баки Хаккани.

Айта кетейік, Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.

Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.

15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулды ұрыссыз бағындырды.

Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.

Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.

Ал "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.

Ауғанстанда толығымен басқаруды қолға алған тәліптер оқу жүйесіне өзгерістер енгізді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.