Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрқайсысына 204 мың теңге": Ауғанстаннан келген қандастарға қандай көмек беріледі

Опубликовано:

Ауғанстан
Фото: Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі

Ауғанстаннан жеткізілген 35 этникалық қазақтың әрқайсысына 204 мың теңгеден бөлінетін болды. Сонымен қатар, бір жыл бойы ай сайын 87 мың 500 теңге көмек көрсетіледі. Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасындағылар отанға оралғандардың жұмысқа тұруына да жәрдемдеспек деп хабарлайды 31 арна.

Ауғанстаннан келген этникалық қазақтар әуежайдан түсе сала қонақ үйге жеткізілген.

Қандастардың аяқтан тұрып кетуі үшін берілетін бір реттік және бір жыл бойы ай сайын берілетін квота Ақмола, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарына қоныстанса ғана қарастырылған.

Сонымен қатар, дипломдары бар адамдардың мамандық бойынша жұмысқа тұруына да көмек көрсетілмек. Ал білімі жоқтарды арнайы курста оқыту көзделген.

"Барлық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазір министрлік тарапынан сол қай жерге ол кісілерді тұрақтандыратыны туралы жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Алматы қаласы әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы.

Қандастар қонақ үйде 24-ші қыркүйекке дейін болады. Олар екі аптаның ішінде қай өңірге барып өмір сүретінін нақты шешу керек.

Еске сала кетсек, 9 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ауғанстаннан 35 этникалық қазақ тарихи отанына оралды.

Оларды Қорғаныс министрлігінің арнайы ұшағы Кабулдан Алматы қаласына жеткізді.

Келген жолаушылар карантиннен өту үшін уақытша оқшауланған болатын.

Кейін қандастарымыздың елге келу сәтінен видео жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1931859-arqaisysyna-204-myn-tenge-auganstannan-kelgen-qandastarga-qandai-zardemaqy-beriledi/

pixel