Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған ба

Жарияланған күні:

Планшет
Көрнекі фото: pixabay.com

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков онлайн брифингте көптің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, санақтан бас тартқандарға жауапкершілік қарастырылған.

Санақ кезінде әр адам респондент болып есептеледі.

"Ақпарат бермегені үшін немесе белгісіз мәлімет бергені үшін жаупкершілік қарастырылған. Бірақ біз оны қолданбаймыз, халыққа санақтан өтудің пайдасын түсіндіріп жатырмыз", - деді Айдар Әбілдабеков.

Ол Алматыда санаудың негізгі кезеңіне 2 416 интервьюер, 345 нұсқаушы-контроллер және 37 комиссар тартылғанын жеткізді. Сонымен қатар 146 ерікті санақ пункттеріндегі онлайн-санаққа жұмылдырылған.

Департамент басшысының айтуынша, санаққа қатысуға жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер мен студенттерді тартылған.

"Санақ жүргізушілер бір айға тартылады. Барлығы 104 мың теңге көлемінде жалақы алады", - деді Айдар Әбілдабеков.

Санақ басталған 15 күн ішінде 2 886 150 респондент онлайн-санақтан өткен. Sanaq.gov.kz сайтында 2 487 415 адам сұраққа жауап берсе, 284 659 адам Egov порталы арқылы жауап беріпті, тағы 114 076 респондент Aitu қосымшасының көмегімен санақтан өткен.

"Санақ науқанының қорытындысы бойынша шартты түрде Әуезов ауданы бірінші орында, Алатау ауданы екінші орында және Наурызбай ауданы үздік үштікті жабады. Бостандық, Түрксіб, Алмалы аудандарындағы санаққа қатысушыларының саны шамамен тең. Медеу мен Жетісу аудандарының тұрғындарының белсенділігі сәл төмен", - дейді ол.

15 қазанға дейін халық санағына онлайн режимінде қатысуға болады. Офлайн кезең 1-30 қазан аралығында өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932184-sanaqtan-bas-tartqandarga-zauapkersilik-qarastyrylgan-ba/