Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда ер адам әйелін үйден қуып жіберген: Келіншек баласын сот арқылы алды

Опубликовано:

Балалар
Көрнекі фото: pixabay.com

Павлодарлық әйел сотқа жүгініп, ажырасқаннан кейін күйеуінде қалған балаларын қайтарып беруді талап етті. Ресми түрде қарым-қатынас тоқтатылғаннан кейін ер адам әйелін үйден қуып шыққан деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Павлодар облысы кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.

Соттың ақпаратынша, павлодарлықтар ресми түрде ажырасып, жарты жылдан бері бөлек тұрады. Ер адам балаларының анасын үйден қуып шыққан соң, келіншектің пәтер жалдауына тура келген.

Некеде тұрған жылдары ерлі-зайыптылардың екі баласы өмірге келген, оның бірі мүгедек. Келіншек балалары үшін сотқа жүгінген.

"Шешім қабылдаған кезде сот балалардың анасымен бірге өмір сүруге деген ниетін, олардың анасына эмоционалды, сезімтал байланысын, жасын (5 жас және 3 жас), ана күтімінің қажет екенін, сондай-ақ үнемі күтімді қажет ететін баланың ауруын ескерген.

Сот талапкер мен жауапкердің жеке басын, сондай-ақ балалардың физикалық және психикалық денсаулығына және олардың моральдық дамуына әсер етуі мүмкін барлық жағдайларды ескерді", - деді сот.

Барлық жағдайды ескере отырып, сот балаларды анасының тәрбиесіне беру туралы шешімге келген. Осы ретте ата-аналарға әкесінің өз балаларын көруге құқығы бар екені, олардың тәрбиесімен айналысып, маңызды мәселелерді бірлесе шешуге міндетті екені түсіндірілді.

Ал анас кәмелетке толмаған балалрдың әкесімен байланысуына шектеу қойып, тыйы салмауы керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932244-pavlodarda-er-adam-aielin-uiden-quyp-zibergen-kelinsek-balasyn-sot-arqyly-aldy/

pixel