Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлды осылай тәрбиелеу керек": Баласын асау атқа мінуге жігерлендірген әкенің сөзі елді сүйсіндірді (видео)

Опубликовано:

атқа міну
Видеодан кадр: Facebook

Желіде ұлын атқа мінуге баулыған ер адамның видеосы тарап кетті. Алғаш рет асауға жайдақ мінгелі тұрған бала жүрексінсе де, әкесінің қайрауымен бойындағы қорқынышын жеңе білген деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеодан ер баланы әкесі алғаш рет тоқымсыз атқа мінуге үйретіп жүргенін байқауға болады.

"Қорықпа, балам! Неден қорқасың? Мін, секір. Жалынан бір қолымен ұстап ал! Асықпа, қалай мінсең, олай мін. Құламайсың. Ат үстінде айқайлап жүрсең болды. Тақымды қыс, жалдан ұстап ал. Жаным сол, қойшының баласы қойшы болады, әкімнің баласы әкім болады. Ертең осы видео инстаграмда "хит" болады. Әй еркексің ғой, еркексің. Міне, осылай адам боласың", - дейді видеодағы ер адам.

Желі қолданушылары ұлын қайрап, жігерлендіре білген азаматқа "Жыл әкесі" деп ат қойды.

"Ұлының жүрегіне от жағып берген мына әкеге "Жыл әкесі" деген атақ беру керек екен. Жарайсың аға. Ұлың сеніміңді ақтасын", - деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Олар ұлына лайықты тәрбие берген әкенің сөздеріне сүйсінді.

"Жарайсыз! Міне ұлды осылай тәрбиелеу керек. Ұлыңыз нағыз ер азамат болсын", "Қандай керемет! Әкенің берген тәрбиесіне, жер жүзінің мектебін жинап оқытсаң да, жете алмайсың. Ағатай, көп жасаңыз! Осы ұлыңыздың қызығын көріп, бақыттың қанатында өмір сүріңіз!", - деп тілектерін жаудырды желі қолданушылары.

Қазақтың ескі салты ашамайға мінгізуді ұмыта бастаған кейбір желі қолданушылары асау атқа баланы үйретуді алғаш көріп тұрғандарын жазған.

"Балаға жігер беріп тұр. Керемет. Өзім де осындайды бірінші көруім. Ұнады. Біздің атқа мінгізу- машина мінгізу ғой. Нағыз азамат болсын!", - дейді пікір білдіруші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932272-uldy-osylai-tarbieleu-kerek-balasyn-asau-atqa-minuge-baulygan-akenin-sozi-eldi-suisindirdi-video/