Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Шымкент "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

ковид11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Шымкент қаласы "қызыл" аймақтан "сары" аймаққа өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

17 қыркүйектегі жағдай бойынша, коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы мен Жамбыл, Қызылорда, Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.

Ал "жасыл" аймақта әзірге Түркістан облысы ғана.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде 3081 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған болатын. Осылайша жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 854 742-ге жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932537-koronavirus-symkent-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel