jitsu gif

Баласы сал ауруына шалдыққан ана жанұшыра көмек сұрады

Еркебұлан Дүйсебай
Еркебұлан Дүйсебай: жеке мұрағат

Алматы маңындағы таныстарының үйінде тұратын Қаршыға Амантаева он бір жылдан бері ұлы Еркебұланды аяққа тұрғызу үшін жанталасып жүр. Алайда, қаржының тапшылығы отбасындағы жалғыз асыраушыны тығырыққа тіреуде деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бүгінде ұлым аяғын басса деген арманмен талай адамның есігін қағып, талай адамға қол жайып келемін. Иә, сал ауруы толық емделмейді. Тек аурудың қозып кетпеуін қадағалап, баланы оңалту орталығына апарудан басқа қолымнан ештеңе келмейді. Бірақ пәтер жалдап, төрт баланы жалғыз асырап отырған мен үшін оңалту орталығына апарудың өзі үлкен күш. Баламның жағдайына байланысты жұмыста жоқпын, оны қарап отыратын бір адам керек. Одан бөлек үш балам бар. Амалым қалмағасын, елден көмек сұрауға мәжбүрмін", - дейді анасы.

Қазіргі таңда Еркебұлан Қызылордадағы орталықтардың бірінде ем алып жатыр. Дәрігерлер оның аяғына гипс салып, тізе астындағы сіңірді алып тастайтын отаның қажеттігін айтуда. Алайда, құны 1 миллионнан асатын отаны жасау үшін Қаршыға не істерін білмейді.

"Тізенің астындағы сіңірді кесіп тастаса, Еркебұланның жар жағалап жүруге шамасы келеді екен. Енді осы арманға жету үшін күні-түні Алладан дұға тілеудеміз. Баламның аяғын басуына көмектесіңіздерші", - дейді Қаршыға.

Еркебұланға көмектесем деушілер үшін реквизит төмендегідей:

Kaspi Gold номері: 8 705 602 49 19, анасы Қаршыға

Баласы сал ауруына шалдыққан ана жанұшыра көмек сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.