Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Туған күніне келген ұл-қыздарын құшақ жая қарсы алған 92 жастағы әжей көпті тебірентті

Опубликовано:

Ерке әже
Видеодан кадр: Facebook/

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде ұл-қыздары бірдей көйлек киіп құттықтап келген әжейдің видеосы тарап кетті. Жан тебірентерлік видеоны бөліскен желі қолданушылары көзіне жас алғандарын жасырмады. KAZ.NUR.KZ тілшісі бейнеролик кейіпкері Ерке әженің жиені Зәуре Дүсембаевамен тілдесіп, видеоның қашан, қайда түсірілгенін анықтады.

Шоқ-шоқ гүл, сыйлықтарымен анасын құттықтап келген қыз-күйеу балалар желі қолданушыларының жүрегін елжіретті. Ерке әжейдің қыздары аналарының шаңырағына Нұрлан Өнербаевтың орындауындағы "Анашым" әнін айтып кірген.

"Апамыз мың жасасын", "Міне, байлық деп осыны айту керек", "Қандай тамаша", " Ананың қадірін біліп, құрмет көрсетіп жатқан ұрпағына рахмет, анамыз жемісіне риза, қуанып жатыр", "Бақыт деген осы болар", - деген пікірді жарыса жазды желідегілер.

Қарияның балаларының алды орта жастан асып кетіпті.

Көпке лезде танылып кеткен әжей Түркістан облысы, Келес ауданы Абай ауылының тұрғыны. Зәуре Дүсембаеваның сөзінше, Ерке әжей қазір 92 жаста.

"Бұл - апамның туған күнінде, жаз айында түсірілген видео. Ол кісінің сегіз қыз, екі ұлы бар. Апам өте мықты жан. Бәріңізге апамның жасын берсін", - дейді Ерке әжейдің жиені.

Тағы бір айта кетерлігі, желіде стетоскоп арқылы қыздарымен сөйлескен әжейдің видеосы да қатар таралды. Ерке әжейдің қызы Гүлнар ханым ол видеодағы кісі анасы емес екенін айтты.

"Сол кісімен бәрі шатастырып жатыр. Медициналық құралмен сөйлескен кісі мүлде бөтен, біз танымаймыз да оны. Анам құдайға шүкір ақыл-есі бүтін, әлі тың. 92-ге келіп, үй тірлігін де істейді", - дейді Гүлнар ханым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932635-tugan-kunimen-quttyqtai-kelgen-ul-qyzdaryn-qusaq-zaya-qarsy-algan-92-zastagy-azei-kopti-tebirentti-video/

pixel