jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Бүгін қазақстандықтар Аналар күнін атап өтуде

Ана
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде Аналар күні атап өтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

2012 жылы бекітілген атаулы күн жыл сайын қыркүйектің үшінші жексенбісінде тойланады. Биылғы жылы мереке 19 қыркүйекке түсіп отыр.

Мереке Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тойлануда. Ол 2012 жылдың 8 наурызы қарсаңында күздің бір күнін аналарға арнауды ұсынған болатын. Нәтижесінде Қазақстан күнтізбесінде "Аналар күні" пайда болды.

Айта кетсек, Аналар күні әлемнің әр елінде түрлі уақытта тойланады. Мәселен, Германия, Италия, Түркия, АҚШ, Дания, Жапония мен Бразилияда Аналар күні мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жаңа мереке пайда болғаны туралы жазған едік.

1 қазан Радио қызметкерлерінің ресми күні болып жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, 13 тамызда Қазақстан үкіметінің қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланған.

Бүгін қазақстандықтар Аналар күнін атап өтуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.