Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қар аралас жаңбыр болады: Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Күз
Көрнекі сурет: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады. 20 қыркүйекте ел облыстарында үсік жүріп, қар аралас жаңбыр болады деп күтіледі.

20 қыркүйекте Атырау облысының батысында, Маңғыстау облысының орталығында және оңтүстігінде найзағай күтіледі.

Ал Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. 20-21 қыркүйекте Жамбыл облысының оңтүстік-шығысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы және солтүстік аудандарда күші 15-20 м/с дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының солтүстік жартысында батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп күтіледі. Түнде облыстың батысы мен шығысында 3 градус үсік күтіледі.

Нұр-Сұлтан қаласында 20 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Жезқазған қаласында 20 қыркүйекте түнде1-3 градус үсік күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік болады. Бесқарағай, Ұржар аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады. Облыстың солтүстік-батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында аздаған жауын-шашын (қар аралас жаңбыр) күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Батыстан жел соғады, түнде солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Павлодар қаласында 20 қыркүйекте түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүріп, күндіз батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Қостанай облысының батысында түнде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстігінде 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай қаласында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932778-qar-aralas-zanbyr-bolady-sinoptikter-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel