Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

3 градус аяз: Алдағы күндері елімізде күн салқындайды

Опубликовано:

Жапырақ
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 21-23 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды. Оған сәйкес, алдағы үш күнде еліміздің бірқатар өңірінде күн салқындайды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы үш күнде еліміздің батысында, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады.

Солтүстік пен шығыста екпінді жел соғып, аздаған жаңбыр жауады деп күтілеуде.

  • Батыста түнде 3-17 градус, күндіз 12-28 градус жылы болмақ.
  • Солтүстік-батыста түнде 0-7 градус жылы болады. Одан бөлек, түнде 3 градус аязда болуы ықтимал. Ал күндіз 8-23 градус аралығында жылы болмақ.
  • Солтүстікте түнде ауа температурасы 0-5 градус жылы болады және 3 градус аяз күтіледі, күндіз 6-11 градус жылы болады.
  • Орталықта және облыстың шығысында түнде 0-5 градус жылы болады әрі 3 градус аяз күтіледі. Күндіз ауа температурасы 6-дан 16 градусқа дейін көтеріледі.
  • Оңтүстік және оңтүстік-шығыста сынап бағанасы түнде 4-15 градусты, күндіз 17-28 градус жылылықты көрсетеді.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер 20 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялап, еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932909-3-gradus-ayaz-aldagy-kunderi-elimizde-kun-salqyndaidy/

pixel