Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда аялдамадағы адамдарды қағып кеткен жүргізуші жол апатына не себеп болғанын айтты

Опубликовано:

Көлік
Фото: Жамбыл облысы ПД

15 қыркүйекте Таразда Hyundai көлігі аялдамада тұрған бірнеше адамды қағып кеткен еді. Жол апат салдарынан екі әйел қайтыс болды, зардап шеккен тағы екі адам ауруханаға жатқызылды. 23 жастағы жүргізуші оқиғаға не себеп болғанын түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, 23 жастағы жігіт түні бойы жұмыс істегендіктен, сол күні рульде ұйықтап кеткенін айтқан.

Қатты шошып кеткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Одан бөлек, облыстық полиция департаменті жас жігіттің мас күйде болмағанын атап өтті. Ол қазір тергеу изоляторында отыр.

Еске салсақ, адам өліміне әкелген жол апаты 15 қыркүйекте болды. Таңертеңгі уақытта жүргізуші аялдамада тұрған адамдарды қағып кетіп, екі адам қайтыс болған болатын.

Одан бөлек, 1968 және 1993 жылы туған тұрғындар зардап шеккен еді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, 23 жастағы жүргізуші қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1932961-tarazdagy-ayaldamada-adamdardy-qagyp-ketken-zurgizusi-zol-apatyna-ne-sebep-bolganyn-aitty/

pixel