Алматыдағы атыс: Желіде оқиға орнынан видео пайда болды
Жарияланған күні:
Желіде Алматыдағы атыс кезінде түсірілген видеолар пайда болды. Қайғылы оқиға салдарынан бес адам қаза тапқан болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Оқиға болған жерге жақын орналасқан үйдің терезесінен түсірілген бірінші видеодан көше бойымен жүгіріп келе жатқан азаматты байқауға болады. Желі қолданушылары видеодағы азамат оқ жаудырған тұрғын болуы мүмкін деп топшылауда.
Сондай-ақ, видеодан әлдебіреулердің айқайлап, жылап жатқанын естуге болады.
Екінші видеодан жедел жәрдем мен бірнеше полиция қызметкерін байқауға болады. Сонымен қатар, екі ер адам зембілмен оққа ұшыраған адамның денесін көтеріп келе жатқаны көрінеді.
Үшінші видеода тағы бір ер адамның денесін алып шығып жатқан сәт түсірілген.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 20 қыркүйекте алматылық тұрғынның оқ жаудырғаны, салдарынан бес адам қаза тапқаны белгілі болған еді.
KAZ.NUR.KZ тілшілері қайғылы оқиға болған жерде не болып жатқанын біліп қайтқан болатын. Әбдірахманов бұл жайтқа қатысты түсініктеме беріп, оқ атушыда аңшы мылтығы болғанын мәлімдеді.
Сонымен қатар, полиция қаза болған тәртіп сақшылары туралы айтып берді.
Назар аударыңыз! Төмендегі видеоларды кәмелет жасына толмағандарға, жүкті әйелдерге, жүйкесі жұқа және жүрегі нашар азаматтарға қарау ұсынылмайды! Видеоларда балағат сөздер кездеседі!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1933001-almatydagy-atys-zelide-oqiga-ornynan-video-paida-boldy/