Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан полицей жер қойнына тапсырылды (фото)

Опубликовано:

Жерлеу
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда Ақбұлақтағы атыс кезінде қайтыс болған учаскелік инспектор, полиция майоры Дархан Сүлеев жер қойнына тапсырылды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жерлеу рәсімі сәрсенбі күні таңертең Кеңсай зиратында өтті. Полицеймен қоштасу рәсіміне туыстары, қалалық полиция департаментінің басшылығы мен әріптестері, министрдің орынбасары Мұрат Баймұқашев келген.

Полиция қызметкерін ақтық сапарға шығарып салу кезінде ауаға оқ атылды.

Жерлеу
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сондай-ақ бүгін Алматы облысында қайтыс болған екінші учаскелік инспектор Нұрбол Байғазиев те жер қойнына тапсырылды.

Жерлеу
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933331-almatydagy-atys-kezinde-qaza-tapqan-policei-zer-qoinyna-tapsyryldy-foto/

pixel