Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оннан аса оқ жаудырған": Зеленскийдің кеңесшісіне қастандық жасалды (фото)

Опубликовано:

1
Фото: facebook/@UA.National.Police

Киев маңында Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңесшісі Сергей Шефирге қастандық жасалды деп хабарлайды Страна.UA.

Оқиға Лесники ауылына жақын маңда болған. Белгісіз біреулер Шефирдің көлігіне оннан аса оқ жаудырған. Оның үшеуі саясаткердің көлік жүргізушісіне тиген, Сергей Шефирдің өзі зардап шекпеген.

"Ол 50% рөлде өзі отырады, 50% жүргізушімен жүреді. Көлік жүргізушісі үш оқ жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді. Сергей Нахмановичтің жағдайы жақсы, полиция тез арада келіп, оны қызметтік экипажға отырғызып, қауіпсіз жерге апарды", - дейді "Слуга народа" фракциясының жеткшісі Давид Арахамия.

Көлік
Фото: facebook.com/UA.National.Police

РИА Новости-дің мәліметіне сүйенсек, Шефир - Украина президенті Владимир Зеленскийдің бизнес серіктесі әрі досы, "Квартал 95" студиясы иелерінің бірі.

Ал LIGA.net порталының ақпарынша, Сергей Шефирге Зеленскийдің саясатына байланысты шабуыл жасалған болуы мүмкін.

Президент кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, бұл-қасақана жасалған шабуыл.

"Иә, расымен бүгін президенттің бірінші көмекшісі Сергей Шефирдің көлігіне оқ атылды. Көлік жүргізушісі ауыр жарақат алды. Көлікке оннан аса оқ жаудырған. Мұның автоматты қаруды қолдана отырып, ашық әрі қасақана, аса қатігездікпен жасалған шабуыл екені көрініп тұр. Команданың маңызды мүшесін өлтіруге тырысқанын байқауға болады", - дейді ол.

Михаил Подоляк қастандық Зеленскийдің детенизация, деолигархизация және сот реформасы жөніндегі саясатына қарсы науқанмен байланысты болуы мүмкін деп есептейді.

Көлік
Фото: facebook.com/UA.National.Police

шабуыл11
Фото: facebook.com/UA.National.Police

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933368-zelenskiidin-kenessisine-qastandyq-zasaldy-foto/

pixel