Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Boeing 767 ұшағы Атырауға шұғыл қонды: Air Astana себебін түсіндірді

Опубликовано:

Әуе кемесі
Көрнекі фото: Air Astana rомпаниясының әлеуметтік желідегі парақшасы

Air Astana Нұр-Сұлтаннан Стамбулға бағып алып, шұғыл Атырауға қонған ұшаққа қатысты түсініктеме берді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы әуекомпаниясының Telegram-арнасындағы парақшасына сілтеме жасап.

Әуекомпаниясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, 23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан - Стамбул бағыты бойынша KC917 рейсін орындаған Boeing 767 ұшағы астана уақытымен 19.11-де ұшқан.

"Техникалық себеппен ұшақ командирі Атырауға қону туралы шешім қабылдаған. Қону қалыпты режимде Нұр-Сұлтан уақытымен 22.20-да болды. Қазіргі уақытта ұшақ тексеріліп жатыр. Жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Бүгін жергілікті уақытпен 14.00-де Airbus A321 резервтік бортымен Стамбулға ұшу жоспарлануда", - деп хабарлады Air Astana

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтаннан Түркияның Стамбул қаласына ұшып шыққан Boeing 767 әуе кемесі Атырау әуежайына шұғыл қонғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933733-boeing-767-usagy-atyrauga-sugyl-qondy-air-astana-sebebin-aitty/

pixel