jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

АҚШ президенті Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

Сауле Омарова
Сауле Омарова. Фото: nytimes.com

Америка Құрама штаттарының президенті Джо Байден Корнель университетінің профессоры Сәуле Омарованы ақша айналымын бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency, OCC) басшысы қызметіне тағайындауды жоспарлап отыр. Бұл басқарма Америкадағы банк секторының негізгі реттеушісі болып саналады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тағайындау жұмысымен таныс үш бірдей адам Сәуле Омарованың бір апта ішінде басқарма жұмысына тартылатынын растап отыр.

Алайда Ақ үй ақпаратты ресми түрде нақтыламады.

Қазақстанның тумасы Сәуле Омарова осы қызметке тағайындалса, Америка Құрама Штаттарының тарихында алғаш рет банк секторының негізгі реттеушісін әйел адам басқарады.

"Ақша айналымын бақылау басқармасы елдің ірі кредиторларын бақылайды. Олардың ішінде JPMorgan Chase & Co., Bank of America Corp. және Citigroup Inc. бар. Корнель университетінің заң факультетінде дәріс беріп жүрген Омарова таңдалса, Уолл-стритке оңай болмайды. Қатты бақылау мен қатаң ережелер енгізіледі деген болжам бар", - дейді материал авторы.

Профессор Сәуле Омарова криптовалютаның қарсыласы болып саналады. Ол өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін егжей тегжейлі көрсеткен.

Еске сала кетейік, осы жылдың тамыз айында АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Сәуле Омарованың кандидатурасы ұсынылғаны туралы ақпарат таратқан. Оған дейін осы қызметке үміткер екі адам болды. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омарованы қарастыруға кірісті.

АҚШ президенті Сәуле Омарованы лауазымды қызметке тағайындайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.