RU

Қазақстандық ғалым коронавирус пандемиясы қашан аяқталуы мүмкін екенін айтты

Коронавирус
Көрнекі фото: Matthias Rietschel-Pool/Getty Images

Қазақстандық ғалым Алмаз Шарман коронавирус пандемиясы қашан басылуы мүмкін екенін болжады. Оның пікірінше, дельта штамы вирустың соңғы агрессивті нұсқасы болуы ықтимал деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Бұл соңғы агрессивті нұсқа және бұдан кейін пандемия басылуы керек деп болжаймын. Келесі жылы жазға қарай пандемия аяқталып, біз қалыпты өмірге қайта ораламыз деп үміттенемін", - деді Шарман.

Алмаз Шарманның айтуынша, қазір ауру жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеп жатыр. Алайда алдағы уақытта вирустың басқа да нұсқалары пайда болуы ықтимал.

"Бұл вирустың қалыпты эволюциялық процесі. Вирус тіршілігін жалғастыру үшін түрленуге кіріседі. Сан сапаға ауыса бастағанда, жаңа штамдар пайда болуы мүмкін", - деді Шарман.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алмаз Шарман вакцинаны тестілеуден өткізу мерзіміне қатысты қауесеттерге жауап берген еді.

"Медициналық білімі бар, вакцинацияның не екенін түсінетін дәрігерлер пандемиядан сақтанудың жалғыз жолы вакцинация екенін білуі керек. Вакцинаны тестілеуден өткізу мерзімін ешкім бекітпеген. Оған бес жыл, тіпті 20 жыл кетуі мүмкін...

Қазір біз коронавируспен биологиялық соғыс кезеңінде тұрмыз. Біз уақыт жоғалта алмаймыз. Оның үстіне вакцина жасау үшін қаржы бөлініп, ең ақылды адамдар тартылған. Қысқа мерзім ішіде жоғары сапалы апробация жүргізіліп, вакцинаның жоғары тиімділігі дәлелденді", - деді ғалым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933775-qazaqstandyq-galym-koronavirus-pandemiyasy-qasan-ayaqtaluy-mumkin-ekenin-aitty/