Коронавирус: Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа өтті
Опубликовано:

2021 жылғы 26 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа өткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.
"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды, Павлодар облыстары.
"Сары" аймақта : Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары.
"Жасыл" аймақта: Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары.
Қазақстанда бір тәулікте анықталған COVID-19 деректері айтарлықтай азая түсті. Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы тағы 2192 адамнан анықталды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1933933-koronavirus-qyzylorda-oblysy-zasyl-aimaqqa-otti/