Қар, көктайғақ, тұман: Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Еліміздің синоптиктері алдағы үш күнге, яғни 27-30 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды Қазгидромет.
Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Нәтижесінде солтүстікте, солтүстік-батыста, орталық пен шығыста жаңбыр, қар түріндегі жауын-шашын түседі. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында тұман түсіп, жел күшейеді, солтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.
- Батыста ауа температурасы түнде 0-15 градус жылы, 3 градус аяз, күндіз 7-22 градус жылы болады.
- Солтүстік-батыста сынап бағанасы түнде 0-10 градус жылудан 6 градус аяздан 5 градус жылуға дейін, күндіз 0-13 градус жылыны көрсетеді,
- Солтүстікте түнде 3 градус аяз-6 градус жылы, күндіз күн райы 5-11 градус жылы мен 2-8 градус аралығын көрсетеді.
- Орталықта 3-11 градус жылыдан 3 градус аяз–8 градус жылыға дейін төмендейді, күндіз 7-18 градус жылудан 2-10 градус жылуға дейін төмендейді.
- Шығыста түнде 3 градус аяз–10 градус жылы, күндіз 10-20 градус жылы болады деп болжануда.
- Оңтүстік және оңтүстік-шығыста негізгі фон түнде 7-18 градус жылуды, күндіз 12-27 жылулықты көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934091-qar-koktaigaq-tuman-aldagy-us-kunde-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/