Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қанша адам қайтыс болды

Опубликовано:

аурухана74
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина алғаннан кейін көз жұмғандардың саны белгілі болды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Биыл 1 ақпаннан бастап тамыз айының соңына дейін вакцина алған соң қайтыс болғандардың саны - 482. Бұл - КВИ-ден қайтыс болғандардың жалпы санының 5 пайызы. Осы орайда жалпы аталған індеттен қайтыс болғандардың дені - вакцина алмаған жандар екенін еске салғым келеді.

Вакцина алғаннан кейін мерт болған 482 адамның 23-і Corona Vac салдырған, 371-і "Спутник V" вакцинасын қабылдаған, тағы 75 адам Vero Cell еккен және 13 адам отандық QazVac-ты алған", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де салдырған қазақстандықтар қайта ауру жұқтырған жағдайда Ashyq-тағы "жасыл" мәртебе үш айға ғана берілетінін айтып шағымданған еді.

Алайда санитарлық-эпидемиолоиялық бақылау комитеті пікір білдірді. Комитет вакцина салдырып, ауруды қайта жұқтырып алған адамдарды байбалам салмауға шақырды. Себебі, қосымшадағы үш ай уақыт өткеннен кейін бұрынғы бір жылдық мерзім көрсетіледі.

"Вакцина салдырған адам коронавируспен ауырса, оған "қауіпсіз" мәртебесі үш ай мерзімге беріледі. Өйткені ол қазір ауру жұқтырғандар тізімінде. Осы үш ай өткеннен кейін мәртебе бұрынғы мерзімімен ұзартылады. Вакцинаның екінші компонентін салдырғаннан бір жыл өткенше азаматтарда "жасыл" мәртебе болады", - деді СЭБК баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934146-elimizde-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrgan-qansa-adam-qaitys-boldy/

pixel