Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да екі ер адам ішінде 8 млн теңге бар сейфті ұрлап кетті (видео)

Опубликовано:

Сейф
Видеодан кадр: polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында екі ер адам жергілікті тұрғынның үйінен ақша салынған сейфті ұрлап кетті. Ұрлық сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайттың мәліметінше, қыркүйектің ортасында Риддер полициясына 35 жастағы әйел шағымданған.

Оның сөзінше, шамамен сағат 07.30 бен 09.30 аралығында белгісіз біреулер пластик терезе арқылы үйіне кірген.

Сөйтіп ішінде 8 млн теңге, ер адамға арналған алтын жүзік, үйдің құжаттары, 1843 жылы шығарылған бақыр тиын мен "Еңбегі үшін" медалі салынған металл сейфті ұрлап кеткен. Жалпы шығын көлемі 10 млн теңгені құраған.

ШҚО полиция департаменті басшысы Сағат Мәдиевтің сөзінше, тәртіп сақшылары 30 жастағы күдіктілерді дереу қолға түсірген. Олардың бұған дейін бірнеше рет сотталғаны анықталған. Күдіктілер ұрланған мүлікті ішінара қайтарып берген.

Бүгінде екі ер адам уақытша ұстау изоляторында отыр. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы, 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, осыған дейін Сарыағаш тұрғыны бірнеше миллион теңгесі мен алтын салынған сейфінен айырылып қалған еді.

Полицияның дерегінше, күдікті ретінде ағайынды жігіттер ұсталған.

Олар үйде ешкім жоғын пайдаланып, терезені бұзып үйге кірген. Ішке кірген соң сейфті алып, оны бұзып, ішінен алтын бұйымдар мен ақшаны алған соң, сейфтің өзін лақтырып жіберген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934322-sqo-da-eki-er-adam-isinde-8-mln-tenge-bar-seifti-urlap-ketti-video/

pixel