jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Қаржылық мониторинг агенттігі Біртановтың ісі бойынша неліктен пікір білдірмегендерін түсіндірді

Елжан Біртанов
Елжан Біртанов онлайн сот отырысы кезінде. Кадр: NUR.KZ

Қаржылық мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша неліктен пікір білдірмегендерін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы агенттіктің Telegram арнасына сілтеме жасап.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі бұл тергеу жария етуге жатпайды. Мәліметтер прокурордың келісімімен ғана жария етілуі мүмкін.

Айта кететін жағдай, тергеуге қатысты мәліметтерді жария етпеу талабы тергеу органдарына ғана емес қорғаушы тарапқа да қатысты. Сондықтан әділ болу үшін агенттік қылмыстық істің мән-жайына қатысты түсініктеме бермейді.

Іске қатысты фигуранттың кінәлі не кінәсіз екендігін Конституцияның 77-бабының 3-бөлігіне сәйкес сот қана анықтай алады", - дейді қаржылық мониторинг агенттігі.

Сонымен қатар, ведомство шілде айында Біртанов пен оның орынбасары вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын еске салды.

Олар денсаулық сақтау министрлігінің жұмыс істемейтін ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалану арқылы лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталып отыр.

"Платформа денсаулық сақтау жүйесіндегі мәселелерді тез арада шешу үшін науқастар, дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Платформа ешқашан жұмыс істемеген және медицина мекемелері оны қолданбайды. Бұл жинақталған дәйектермен дәлелденіп отыр. Аяқталмаған жұмыс құны - 4,1 миллион доллар немесе 1,5 миллиард теңге", - дейді агенттік өкілі.

Сонымен қатар, агенттік Біртановтың 2020 жылдың маусым айында санитарлық авиация ұшағын жеке мақсатта қолдану арқылы лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталып отырғанын атап өтті.

Қаржылық мониторинг агенттігі Біртановтың ісі бойынша неліктен пікір білдірмегендерін түсіндірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.