Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны қайта көбейді
Опубликовано:

Елімізде бір тәулікте 1925 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы - 196
- Алматы қаласы - 426
- Шымкент қаласы - 125
- Ақмола облысы - 49
- Ақтөбе облысы - 90
- Алматы облысы - 181
- Атырау облысы - 55
- Шығыс Қазақстан облысы - 93
- Жамбыл облысы - 58
- Батыс Қазақстан облысы - 54
- Қарағанды облысы - 174
- Қостанай облысы - 104
- Қызылорда облысы - 47
- Маңғыстау облысы - 15
- Павлодар облысы - 144
- Солтүстік Қазақстан облысы - 77
- Түркістан облысы - 37.
Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 882 634-ке жетіп отыр.
Сонымен қатар, елімізде бір тәулікте 2 857 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шыққан.
Одан бөлек, 28 қыркүйектегі жағдай бойынша коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін 7 594 542 адам, екінші компонентін 6 500 573 адам салдырған.
Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой үкімет отырысында Қазақстанда эпидемиологиялық ахуалдың жақсарғанын, коронавирус жұқтырғандар саны 36 пайызға азайғанын айтқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934419-elimizde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-kobeidi/