Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық 8 жастағы бала Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстандық 8 жастағы балақай Гиннесс рекордтар кітабына енуі мүмкін. Бекнұр Жәнібекұлының есім-сойы рекорд авторы емес, қатысушы ретінде қалады деп хабарлайды Хабар24 арнасы.

Балақайдың қолына әлемдегі ең кішкентай функционалдық протез салынған. Ең қызығы, аппарат кәдімгі "Лего" конструкторларынан жасалған көрінеді.

Бекнұр әлі кішкентай болса да, көп адаммен танысып үлгерген. Отбасылық альбомында, тіпті, Хиллари Клинтонмен түскен суретті көруге болады.

Тіпті, Бекнұрдың суперқаһарманмен кездесуінен алынған кадрлар бар.

Суперқаһарманы – 22 жастағы Дэвид Агилар. Болашақ биоинженер. Андорралық жас жігіт Лего конструкторлары негізінде бірегей протездер жасаумен айналысады. Дэвид мұндай аппараттардың алғашқысын өзіне әзірлеген. Бекнұрдің жайын білгеннен кейін, ол балақайға арнап протез жасап шығарған. Болашақ биоинженер қиын болғанын жасырмайды. Оған аппарат өлшемінің кішкентай болуы себеп.

"Бекнұрға протез жасай бастағанда, ол да мен сияқты айна алдына тұрып, күлімдесе екен деп армандадым. Бұған дейін бір қолымыз жоқ болған соң, өзімізді басқалардан өзгеше сезінетінбіз. Алайда протез таққанда, мәселе басқада екенін түсінесің. Негізі, жер бетіндегі адамдардың барлығы әртүрлі. Оған қолдың бар-жоғы қатысты емес", – деді Лего-Протездер авторы Дэвид Агилар.

Бекнұр басқа балалар секілді мектепке барады. Пойыздарға қызығады. Ютубта өз каналы бар. Қазір қолына протез жасап берген Дэвид Агиларға еліктейтінін байқауға болады. 

"Бекнұрдың бойында сенімділік пайда болды. Бұрындары кейде мектептен жылап оралатын. Неге мен басқа балалар секілді жүгіре алмаймын деп айтатын. Қазір менде басқаларда жоқ керемет дүние бар деп, ондайға көңіл бөлмейтін болды»" – дейді Бекнұрдың анасы Зәуре Бектемісова.

Дэвидтің "Хэнд Соло" деп аталатын протезі – әзірге Бекнұр секілді балалар үшін жалғыз мүмкіндік.

Себебі қазіргі аппараттар тым үлкен, салмағы да ауыр. Әлі қатпаған омыртқаға зақым келтіруі ықтимал. Енді жақында Гиннесс рекордтар кітабының өкілдері Дэвид Агилардың жаңа жұмысын қарастырады. Рекорд тіркелсе, 8 жастағы қазақстандық балақайдың тағып жүрген аппараты әлемдегі ең кішкентай функционалдық протез болуы мүмкін.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934622-qazaqstandyq-8-zastagy-bala-ginnestin-rekordtar-kitabyna-enui-mumkin/

pixel