RU

БАҚ: СҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы пара алды деген күдікке ілінді

Ақша алу
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Кей бұқаралық ақпарат құралдарында Солтүстік Қазақстан облысындағы денсаулық сақтау басқармасы басшысының пара алды деген күдікке ілінгендігі туралы ақпарат тарады.

"Астана" телеарнасының мәліметінше, Петропавлда денсаулық сақтау басқармасының басшысы 425 мың теңге пара алды деген күдікке ілінген.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір ақпарат көздерінің ақпаратына сенсек, шенеунік бір мың АҚШ доллар көлеміндегі параны медициналық компания өкіліне қолдау мен қамқорлық көрсету үшін алған.

Кінәсі дәлелденген жағдайда оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кету керек, денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметіне былтыр ғана тағайындалған азамат оған дейін бірқатар аурухананың бас дәрігері қызметін атқарған.

А. Құрманкин

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның бұрынғы қаржы вице-министрі пара алғаны үшін 4 жылға сотталғанын жазған едік. Ол, сонымен қатар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934628-baq-sqo-da-densaulyq-saqtau-basqarmasynyn-bassysy-para-aldy-degen-kudikke-ilindi/