RU

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Сондай-ақ, 224 адам аталмыш дерттен жазылып кетті. Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен ауырғандар саны 75692 адамды құрады. Қайтыс болғандар саны – 4828. Сондай-ақ 62424 адам аталмыш дерттен жазылып кеткен.

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан. Ал Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетейік, Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2252 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 884 886-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934664-otken-taulikte-qazaqstanda-koronavirus-pnevmoniyasynan-11-adam-qaitys-boldy/