Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның тағы бір өңірі "қызыл" аймақтан шықты

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Ақмола облысы "қызыл" аймақтан "сарыға" ауысты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 қыркүйектегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр.

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Атырау, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

Ал Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қызылорда облыстары "жасыл" аймақта.

Еске сала кетейік, Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2252 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 884 886-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934629-qazaqstannyn-tagy-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-syqty/

pixel