Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды

Опубликовано:

Ер адам
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желілерде Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары мен оның қарамағындағы екі қызметкердің ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты қала әкімінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа сүйенсек, 29 қыркүйекте тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің екі қызметкері қала әкімінің орынбасарымен бірге ұсталған.

Екібастұз қаласы әкімінің баспасөз қызметі шенеуніктердің ұсталғанын растап отыр.

"Иә, расымен де солай. Қала әкімінің орынбасары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі бастығының орынбасары және сол бөлімнің маманы жауап алу мақсатында ұсталды. Бізде басқа ақпарат жоқ", – дейді қала әкімінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, бұған дейін БАҚ-та Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Әлеуметтік желіде тараған кейбір ақпарат көздерінің ақпаратына сенсек, шенеунік бір мың АҚШ доллар көлеміндегі параны медициналық компания өкіліне қолдау мен қамқорлық көрсету үшін алды деп күдіктелуде.

Кінәсі дәлелденген жағдайда оған қандай жаза тағайындалатыны әзірге белгісіз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934760-zelide-ekibastuz-qalasy-akiminin-orynbasarynyn-ustalgany-turaly-aqparat-paida-boldy/

pixel