Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде медицина қызметкерлерінің жалақысы артады

Опубликовано:

індет45
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда бүгіннен бастап індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге үстемақы төлеу тоқтайды. Есесіне, олардың жалақысы артады деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Негізінен басымдық сұранысқа ие дәрігерлер мен 9 санат бойынша медицина қызметкерлеріне беріліп отыр.

Олар: реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімінің анестезистері, эпидемиологтар, әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар, ядролық медицина орталығының мамандары мен патологоанатом дәрігерлер.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін министрлік аталған бағыттарда жұмыс істеп жатқандардың зиянды еңбек жағдайын ескере отырып, қосымша ақы төлеу қарастырылғанын хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1934945-elimizde-medicina-qyzmetkerlerinin-zalaqysy-artady/

pixel