jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов әлемнің вице-чемпионы атанды

    Дзюдошы Шерзод Давлатов
    Дзюдошы Шерзод Давлатов. Фото: Тамара Кулумбегашвили / Халықаралық дзюдо федерациясы

    Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Әзербайжан астанасында өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бакудегі әлем біріншілігінде 24 жастағы спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Жарыстың финалына дейінгі жолда ол бес қарсыласын, соның ішінде 2025 жылғы әлем чемпионы жапониялық Рюдзю Нагаяманы жеңді.

    Давлатов ақтық сында Еуропа чемпионатының екі дүркін жүлдегері әзербайжандық Ахмед Юсифовпен кездесті. Қазақстандық спортшы "вадза-ари" ұпайын еншілегенімен, жеңісті уысынан шығарып алды. Юсифов "иппон" әдісін жасап, алғаш рет әлем чемпионы атанды.

    Осылайша, Шерзод Давлатов Қазақстан құрамасына биылғы турнирдің алғашқы медалін сыйлады. Ұлттық құрама былтырғы әлем чемпионатын Абиба Әбужақынова жеңіп алған бір күміс медальмен аяқтаған еді. Қазақстан дзюдошылары жалпы әлем чемпионатында екі рет алтын медаль алған: Максим Раков (2009 жылы) және Елдос Сметов (2015 жылы).

    Бакудегі әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен тағы бір қазақстандық Аман Бақытжан екі қарсыласын жеңгенімен, 1/8 финалда жарыстан шығып қалды. 48 келіге дейінгі салмақта Абиба Абужақынова алғашқы белдесуінде жеңілсе, Ғалия Тынбаева 1/16 финалда жарысты аяқтады.

    Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов әлемнің вице-чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram