Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық психолог қазақ әйелдеріне екі күйеуге шығуға заң жүзінде рұқсат етуді ұсынды

Опубликовано:

Қарым-қатынас
Көрнекі сурет: Pxhere

Психолог Серікгүл Сәли қазақ әйелдеріне заң жүзінде екі күйеуге шығуға рұқсат етуді ұсынды деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Тоқал тақырыбын жиі көтеріп жүрген белсенді Әмір Мәуленов пен психолог Серікгүл Сәли журналист Нартай Аралбайұлының Youtube-арнасында қонақ болды.

Әмір Мәуленов әрбір жігітте кемінде екі әйел болу керек десе, психолог керсінше әйелге екі күйеуге шығуына рұқсат беру керек деген ұсыныс жасады.

"Бір еркекке екі әйел алуға болады деген заң қабылдану керек. Бір әйелдің екі күйеуі болуы тиіс. Мен әйелдердің психикасын солай қорғағым келіп тұр. Әйел туып жатқанда баланы асырауға шамасы келмейді. Кей күйеулер болса, жатыпішер, үйде жатады. Сондықтан екі күйеуге тұрмысқа шыққысы келетіндер бар шығар", — дейді Серікгүл Сәли.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық келіншектің 20 жыл отасқан күйеуіне тоқал алып беру туралы шешімге келгенін жазған едік. Жеті қыз туған ана күйеуінің ұл сүймегеніне өзін кінәлаумен келетінін жеткізген.

Одан бөлек, отандық публицист, философ, қоғам белсендісі Әбдірашит Бәкірұлы "тоқал алуды" үгіттейтін "діншілдерге" қарсы шыққанын жазған болатынбыз. Ғалымның пікірінше, тоқал алу арқылы елдегі демографияны көтеру мүмкін емес, бірнеше әйел алумен қоғамдағы өзекті мәселелер шешілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935384-otandyq-psixolog-qazaq-aielderine-eki-kuieuge-syguga-zan-zuzinde-ruqsat-etudi-usyndy/

pixel