Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кәсібін дөңгелеткісі келетін елорда жастарын қараша айында жағымды жаңалық күтіп тұр

Опубликовано:

Кәсіпкер
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарашадан бастап кәсіппен айналысамын деген елордалық жастарға 90 грант бөлінбек. Бұл туралы қалалық халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Биыл қала бойынша жастар тарапынан гарнтқа өтінімдер көп түскен. Дегенмен, бұл конкурсқа тек "Бастау бизнес" жобасын аяқтаған азаматтар ғана қатысуға құқылы. Қазіргі таңда қосымша грантқа үміткерлердің өтінімдерін қабылдау басталып кетті.

"50 пайыздан астам грант бізде тігін, тамақ өнеркәсібіне қатысты. 40 пайызы қызметтік салада. 10 пайызы - өндірістік саланың жобалары. Тағы бір кәсіпкерлік қолдау ретінде мемлекет тарапынан несиелендіру жүргізіледі. Биыл ол 6 пайыз мөлшерлемемен, 23 млн-ға дейін беріледі", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы КММ Кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Нұрбол Аспандияров.

"Еңбек" бағдарламасы аясында жұмыспен қамту орталығында тағы бір жаңашылдық пайда болды. Биыл "Алғашқы жұмыс" деп аталатын жоба іске қосылды. Бұған жұмыс іздеп жүрген жас түлектер, 29 жасқа толмаған жастар және NEET санатындағылар қатыса алады.

Мамандардың мәліметінше, өтінім білдіруші өзінің қалаған саласында 2 жылға жұмысқа орналаса алады. Дегенмен, айлық жалақысы 58 мың теңгеден аспайды. Қазіргі таңда Нұр-Сұлтан бойынша 60-тан аса адам осы бағдарлама арқылы жұмысқа орналысып үлгерген.

"Жұмыспен қамту орталығы маған ең бірінші жұмысыма орналасуыма көмектесті. Орталық бір жағынан оқып, бір жағынан жұмыс істеуіме үлкен мүмкіндік берді. Мемлекет біздерге, жастарға, осындай тиімді мүмкіндік бергеніне үлкен алғысымды білдіремін", - дейді елорда тұрғыны Гаухартас Төленғазина.

"Осы бағдарламаға қатысушыға тәлімгер бекітіледі. Қатысушының айлық жалақысы 20 айлық есептік көрсеткішті құрайды", - дейді ХЖҚО уақытша жұмысқа орналастыру бөлімінің маманы Дарья Ғабдолаева.

Жыл басынан бері халықты жұмыспен қамту орталығына қала бойынша 16 мыңнан астам өтініш түскен. Оның 9 мыңы толықтай еңбекпен қамтамасыз етілген.

Д. Жарқынбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935624-kasibin-dongeletkisi-keletin-elorda-zastaryn-qarasa-aiynda-zagymdy-zanalyq-kutip-tur/

pixel