RU

Алматыда 21 жастағы келіншек үшем босанды (фото)

Көрнекі
Көрнекі фото: lifetambov.ru

Алматыда 21 жастағы келіншек жүктілігінің 30 аптасында үшемді дүниеге әкелді. Жас ана екі қыз бен бір ұлдың анасы атанған деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алматы перинаталдық орталығының мәліметінше, ең алдымен ұл бала өмірге келген. Содан кейін бірнеше минут айырмашылығымен қарындастары жарық дүние есігін ашқан.

Сәбилердің 902 гр, 924 гр, 916 гр болған.

"Алғашқы уақыттарда нәрестелерге респираторлық көмек көрсетіліп, жаңа туған сәбилерге арналған патология бөлімінде бақылауда болды. Балалар 14 тамызда өмірге келіп, 4 қазанда үйіне шығарылды", - деді Алматы перинаталдық орталығы.

Балалардың салмағы үйіне шығарылар кезде 2 келіге дейін ұлғайған.

"Бұл біз үшін тағдырдың ғажайып тосынсыйы болды. Балаларға Мұхаммед, Әмина және Сумая деген есім бердік", - деді балалардың анасы Марал Жолдыбаева.

үшем
Фото: Алматы перинаталдық орталығы

Еске сала кетсек, бұған дейін Шымкентте он жылдан бері бала сүйе алмаған әйел бірден үшем босанғанын жазған едік.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, келіншек тұңғышын 2010 жылы босанған екен.

"Сол уақыттан бері денсаулығы сыр беріп, жүкті болуды ұзақ жылдар бойы жоспарлап жүріпті. Осылайша ерлі-зайыптылардың он жылдан бері бала сүйгісі келген армандары орындалып, бірден үш перзентті дүниеге әкелді", - дейді ведомстводан.

Жарық дүние есігін ашқан екі қыз бен бір ұлға Айым, Рахат, Аяла есімдері берілген.

Одан бөлек, Түркістан қаласында да 39 жастағы алты баланың анасы үшем босанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935720-almatyda-21-zastagy-kelinsek-usem-bosandy-foto/