Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 5 адамды атып өлтірген азаматтың отбасы үйді босата ма: Сот шешімі шықты

Опубликовано:

Атыс болған жер
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Алматы қалалық соты оңтүстік астанада бес адамды атып өлтірген азаматтың жары Анаида Демирчянның арызын қанағаттандырды. Олар әзірге даулы үйден шығарылмайтын болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Анаида Демирчян үйді босату туралы Алатау аудандық сотының шешімін орындауды кейінге қалдыру туралы Алматы қалалық сотына арыз берген. Сот әйелдің арызын қанағаттандыруды жөн санады.

"Алматы қалалық сотының апелляциялық инстанциясының анықтамасымен Демирчянның жеке шағымы қанағаттандырылды. Сот жылыту маусымының басталуына, сондай-ақ, кәмелетке толмаған баланың болуына байланысты отбасының үйді босатуын 6 айға, яғни 2022 жылдың 7 сәуіріне дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады", - деді Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Абай Жарылқасын.

Еске сала кетейік, Алматыдағы қайғылы жайт 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында болды.

Қалалық полицияның мәліметінше, жеке үйлердің бірінен шығару туралы сот қаулысын орындау кезінде осы үйдің тұрғыны 1967 жылы туған Д. есімді азамат агрессия көрсетіп, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына және ТЖД қызметкерлеріне оқ атқан.

Салдарынан қызметтік міндеттемелерін орындап жүрген бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқ жарақатын алып, қайтыс болды.

Қайғылы оқиға бойынша екі қылмыстық іс қозғалған.

Күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Әзірге оның екі айға қамауға алынғаны белгілі.

Одан бөлек, күдіктінің әйелі мәлімдеме жасап, қайғылы жайтқа қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935832-almatyda-5-adamdy-atyp-oltirgen-azamattyn-otbasy-uidi-bosata-ma-sot-sesimi-syqty-video/

pixel