Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сот "Астана LRT" ісі бойынша үкімнің күшін жойып, істі прокуратураға қайтарды

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Абай Көкжалов қалалық прокурорға "Астана LRT" ісі бойынша қылмыстық істі қайтарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Судья Абай Көкжаловтың хабарлауынша, сотталушылардың, олардың адвокаттарының, қорғаушыларының, азаматтық айыпталушылардың және олардың адвокаттарының Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Әбдіхамитовке қатысты қылмыстық іс бойынша аппеляциялық шағымы ашық сот отырысында бейнебайланыс арқылы қаралған.

"Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 431-бабы 1-бөлігі 8-тармағы, 443-бап пен 444-бапты басшылыққа ала отырып, сот алқасы үкім шығарды:
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2021 жылғы 28 мамырдағы Рашид Аманжолов, Жанат Нұрпейісов, Талғат Әшім, Ұлықбек Ачилов, Тимур Қасабаев, Дулат Мүсенов пен Дәурен Әбдіхамитовке қатысты үкімнің күші жойылсын.
Басты сот талқылауын тағайындауға кедергі келтіретін қылмыстық іс жүргізу заңнамасы нормаларының бұзушылықтарын жою үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 323-бабы негізінде қылмыстық іс Нұр-Сұлтан қаласының прокурорына қайтарылсын", - деді Абай Көкжалов.

Сонымен бірге, сот сотталғандарға қатысты "қамауда ұстау" бұлтартпау шарасын бұрынғыша қалдырып, оның мерзімін прокуратураға түскен күннен бастап 1 айға ұзартты.

"Үкім 2021 жылдың 18 қазанынан бастап күшіне енеді және шешімге кассациялық тәртіпте наразылық білдіруге, шағым жасауға болмайды", - деді судья.

Еске сала кетсек, 28 мамырда "Астана LRT" ісі бойынша айыпталушыларға қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Астана жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов - 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұрынғы басшысы Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостадығынан айырылды. Ол да 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Оған қоса Нұрпейісов "Құрмет" және "Парасат" орденінен де айырылды.

Сонымен бірге Ұлықбек Ачилов - 8 жылға, Талғат Әшім - мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылумен қатар, 7 жылға, Тимур Қасабаев - 8 жылға, Дулат Мусенов - 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935846-sot-astana-lrt-isi-boiynsa-ukimnin-kusin-zoiyp-isti-prokuraturaga-qaitardy/

pixel