Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысындағы үш баланың өлімі: Полиция туыстарының мәлімдемесіне жауап берді

Опубликовано:

Өрт
Кадр: ТЖМ

Атырау облысының полиция департаменті өрт кезінде қайтыс болған балалардың туыстарының мәлімдемесіне жауап берді. Бұған дейін туыстары тәртіп сақшыларының мәйіттердің табылғаны туралы бірден хабар бермегеніне шағымданған, сондықтан іздеулер біраз уақытқа дейін нәтижесіз болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Мен өз атымнан, жеке құрам атынан Махамбет ауданы, Ортақшыл ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты балаларынан айырылған отбасылар мен қаза болғандардың жақындарына қайғыра көңіл айтамын", – деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Облыстық ПД мәліметінше, 5 қазанда сағат 21.40 шамасында полицейлерге 2012 және 2014 жылы туған балалар далаға ойнауға шығып, үйге қайтпағаны туралы хабарлама түскен.

Іздеуге тәртіп сақшылары, Ортақшыл ауылының тұрғындары мен Атыраудан келген еріктілер тартылды.

"Іздестіру жұмыстарына қатысқандары үшін тұрғындар мен еріктілерге рақмет айтамыз. Іздеуге көп адам қатысты, шаруашылық пен дала толық тексерілді, бірақ бұл ешқандай нәтиже бермеді", – деп атап өтті департаментте.

Атырау уақыты бойынша таңғы 4.05-те үш мәйіт табылғаннан кейін күзетшілер адамдарды бірден жинап, оларға жоғалған балаларды іздеу тоқтатылғаны туралы хабарлаған. Тергеу мүддесі үшін полиция басқа ақпаратты жария ете алмайды.

"Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Аталған факті бойынша Атырау облысының полиция департаменті қылмыстық кодексінің 292-бабы (өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде", – деді Қамза Үмбетқалиев.

Еске салайық, 5 қазан күні кешке Ортақшыл ауылындағы үйдің ауласында шөп өртеніп кетті. Біраз уақыттан кейін 7 және 9 жастағы үш баланың жоғалғаны туралы ақпарат пайда болды.

Оларды іздеуге полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар жұмылдырылды. Бірақ, өкінішке орай, өрт болған жерде балалардың денелері табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935925-atyrau-oblysyndagy-us-balanyn-olimi-policiya-tuystarynyn-malimdemesine-zauap-berdi/

pixel