Ақтау тұрғыны тыныс жолдарында тұрып қалған сүйекпен бір ай жүрген
Жарияланған күні:
Ақтау тұрғыны бір ай бойы тыныс жолдарында тұрып қалған сүйекпен өмір сүрген деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақтау қаласының 49 жастағы тұрғыны қатты жөтел мен қан аралас қақырықтың пайда болғанына шағымданған. Қаланың бір клиникасында жасалған рентген тыныс жолдарында бөгде заттың барын көрсетпеді деп хабарлайды Lada.kz.
"Бір қызығы Жаңаөзен қаласында жасалған рентгенде бронх тармақтарының арасындағы сүйек көрінбеген. Ал әйелді қатты жөтел мен қан аралас қақырық мазалай түскен", – дейді дәрігерлер.
Көлемі 4 сантиметр қойдың сүйегі әйелдің бронх тармақтарынан 3 минут ішінде алынды. Ол тыныс жолдарында 30 күндей тұрған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1935967-aqtau-turgyny-tynys-zoldarynda-turyp-qalgan-suiekpen-bir-ai-zurgen/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.