Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елуге жуық көріпкелге бардық": Жамбылдағы жарылыста жоғалған жігіттің туыстары дабыл қақты

Опубликовано:

Жамбыл облысындағы жарылыс
Кадр: Telegram / kris_p_almaty_official

26 тамыз күні Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери бөлімшеде болған жарылыстан соң із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары әйгілі көріпкел Кямран Самедовтен көмек сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Із-түзсіз жоғалған Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары мен "Битва экстрасенсов" жобасының қатысушысын белгілі журналист Гулмира Әбіқай байланыстырды. Тікелей эфирде өткен әңгімелесу барысында Самедов жоғалған жігіттің туыстары өзіне ертерек хабарласпағанын, егер он күн бұрын тілдескенде, оқиға орнына өзі арнайы келетінін мәлімдеген.

Сондай-ақ, ол жоғалған әскери қызметкерге қатысты нақты бір болжамдар айтқан жоқ.

Ал Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары болса, бүгінге дейін елуге жуық балшының алдына барғанын айтты. Балгерлердің басым көпшілігі Бауыржанның тірі екенін айтуда. Сондай-ақ, әскери формадағы адамның қашып бара жатқанын да көргендер бар. Алайда, арада қырық күннен аса уақыт өтсе де, Бауыржан Дәуітбаевтың туыстары оның не тірі, не өлі екенін біле алмай, әуреге салынуда.

"Басында “қойшы көріпті, тау асып кетті, бетін жауып қашыпты” деген сыбыстар болды. Арнайы іздестіру отряды жақын маңдағы 20 шақырым жердің бәрін қарап шықты. Мәліметке сенсек, іздестіру жұмыстарына 500 сарбаз, 50 арнайы техника, тікұшақ, дрон, 10 топ тартылған. Жарылысты сөндіруге алғашқылардың бірі болып жеткендіктен Бауыржанның денесі күлге айналып кетті ме деген күдік те бар. Бұл тұрғыда арнайы мамандар көлемі 300, тереңдігі 20 метрлік қойма орнындағы шұңқырдың әр миллиметрін тексеруде. Әр уыс топырақ сүзгіден өтіп, зерттелуде.

Адам үшін ең қиыны - белгісіздік, қобалжу, уайым. Бауыржанның жақындары баламызды қойшылар құлдыққа ұстап әкетті деп бір уайымдады, одан кейін табылса 1 млн теңге сыйақы жариялады", - деп жазды журналист Гүлмира Әбіқай.

Айта кетелік, Бауыржан Дәуітбаевтың төрт баласы бар. Әйелі бесінші баласына жүкті. Ол 26 тамыздағы жарылыстан қаза тапқандар қатарында да, тірі табылғандар санатында да жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1936008-eluge-zuyq-koripkelge-bardyq-zambyldagy-zarylystan-zogalgan-zigittin-tuystary-dabyl-qaqty/

pixel