jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Екі жыл жазықсыз түрмеде отырған ақтөбелікке 28 млн теңге төленетін болды

Сот
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қара металл сынықтарын жинаумен айналысатын компания филиалының топ-менеджері екі жыл түрмеде отырғаннан кейін ақталып шықты. Оған жазықсыз түрмеде отырғаны үшін 28 миллион теңге төленетін болды деп жазады "Диапазон" басылымы.

2018 жылы топ-менеджер 16 миллион теңге жымқырды деген айыппен 7 жылға бас бостандығынан айырылып, ақыры ақталып шыққан болатын.

Басылым жазғандай, жоғарғы сот қылмыстық істі қарап, бірінші сатыдағы сот істі жүргізу кезінде айыпталушының құқықтарын бұзды деген қорытындыға келді.

Істі қайтадан қарау үшін Ақтөбе облыстық сотының апелляциялық алқасына жіберді, онда сотталушының әрекетінде қылмыс құрамының болмауына байланысты басқа шешім қабылданды.

Ақталған азамат моральдық және материалдық шығынды сот арқылы өтеуді талап етеді. Оның 90 миллион теңге сұрағаны атап өтілген.

Азаматтың талабы ішінара орындалды. Сот қаржы министрлігін арызданушыға келтірілген моральдық зиянды өтеуді, сот шығындарын және жоғалған кірісті қамтитын 28 миллион теңгені төлеуге міндеттеді.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда Қазақстандағы ең қарт тұтқынның бірі бостандыққа шыққаны туралы жазған едік.

64 жастағы әйел бірден Тараздағы үйіне қайтып, туыстарымен кездесетінін алға тартты. Содан кейін өзі түрмеде болған кезде дүниеден өтіп кеткен туыстарының бейітіне құран бағыштамақ.

Екі жыл жазықсыз түрмеде отырған ақтөбелікке 28 млн теңге төленетін болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.